«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығының 25 тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестің 2022 жылдың І тоқсанында өтетін жоспарлы отырысы 2022 жылдың 21 ақпанында болып өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мектеп директорының 2021 жыл бойынша есебі тыңдалды.
Екінші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңесі құрамы аудандық білім бөлімінің 2021 жылы 25 қаңтардағы №24 бұйрығының 2 қосымшасына сай өзгеріссіз қалатындығы аталды. Сонымен бірге 2022 жылы кезекті, кезектен тыс отырыстарында қаралатын мәселелер талқыланып, іс шара жоспары жасақталды. Іс шара жоспары бір ауыздан мақұлданып бекітілді.