Педагогтердің бос лауазымына тағайындау үшін конкурс!!!
"Атырау облысы білім беру басқармасының Индер ауданы білім бөлімінің "Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі Көктоғай ауылы, С.Сейфуллин көшесі 45. анықтама үшін телефон номері (8712-34-28-6-31). Электрондық почтасы Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. педагогтердің бос лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.
📌1.Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі -1 бірлік 16 сағат (бала күтіміндегі мұғалім орны)
Лауазымдық еңбекақысы 229284 теңге.
Негізгі функционалдық міндеттері.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін алуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әртүрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті сабақ жоспарын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерді мемлекеттік білім беру стандартын қарастырылған білім, білік дағдыларымен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Білім алушылар жеке қабілеттерін, мүдделері мен икемділіктерінің, олардың отбасылық, тұрмыстық жағдайларын зерделейді.
Компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникалық құзіреттілікті меңгерген. Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді. Ата-аналармен немесе оларды алмастырушы адамдармен байланыс жасайды. Оқу тәртібін, сабаққа қатысу режимін сақтайды. Құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтайды. Оқыту процесінде балалардың денсаулығы мен өмірін қорғау үшін қажетті жағдай жасайды. Қызметі туралы есеп дайындауды және тексеруді қамтамасу етеді.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
Мамандық бойынша жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болуы тиіс.
Конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы “Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымын тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы №57 бұйрық негізінде жүргізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1.Белгіленген нысан бойынша өтініш;
2.Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжат сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін)
3.Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген бар болса)
4.Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
5.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса)
6.”Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқаруы 2020 жылғы 30 қазандағы МР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтың актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде №21579 болып тіркелген.
7.Психоневрологиялық ұйымынан анықтама.
8.Наркологиялық ұйымынан анықтама.
9.Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
10.Бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты біліктілігін арттыру, ғылыми (академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттар көшірмелері алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Құжаттар 09.09.2022ж 18:00-ге дейін тапсыруларыңыз сұралады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды конкурстық комиссияның қарауына Көктоғай ауылы,С.Сейфуллин көшесі 45, Б.Нысанбаев атындағы орта мектеп мекен-жайы бойынша қабылдау бөліміне немесе электронды почта арқылы қабылданады
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. Байланыс телефоны: 8712-34-28-6-31.
8778-925-61-15
Орыс тілі және әдебиет пәні мұғаліміне бос орын – 1.