Б.Нысанбаев атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының аумағы 33,5 м/кв асханасы мектеп оқушыларын бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін ЖК «Еркебұлан»-мен 1 жылға келісім шартқа отырылып, жалға берілді. Мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамту барлық жағдай жасалған. Сынып жетекшілерімен комиссия құрамының айрықша бақылауымен «Жалпыға ортақ білім беру қоры» есебінен тегінтамақтануға құқы бар әлеуметтік осал топ отбасының балалары тамақтандырылады. Оқушыларға ыстық тамақты ұйымдастыру мақсатында 2020 жылдың 9 қаңтарда мектеп директорының №7 бұйрығына сәйкес, 1-4 сыныптың 213 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылса, әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасынан шыққан 5-11 сынып аралығындағы 25 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылып отыр.
Күнделікті білім алушыларға дайындалған тағамның мәзірге сәйкестігін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы №611 «Білім беру объектілеріне қойылған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын сай келуін. Алынатын азық-түлік өнімдерінің сапалы және отандық тауар болуын бақылауға алу, мектеп асханасында тыйым салынған азық-түліктердің сатылмауына бақылау жасап, барлық азық-түліктің сертификатының болуын қадағалау, дәруменді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерін оқушыларды тамақтандыру рационына енгізілуін әлеуметтік педагог қадағалайды.
Мектеп бракераждық комиссияның жұмысына жүйелі бақылауды жүзеге асыру (күн сайын әзірленген дайын тамақтың сапасын, тамақтың дайындалу кезіндегі тазалықтың сақталуы, оның бірқалыпты ыстық күйде болуын, тағамның, өлшемі мен дайындалу технологиясының бекітілген ас мәзіріне сай болуы) мектеп медбикесі басты назарда ұстауда.
Тамақтану шараларымен қамтылған оқушылардың күнбе-күн нақты санын шығарылып, жасалған жұмыстар әр айда есебін жүргізіліп отырылады.
Орындаған: Әлеуметтік педагог – Н.Жексенова