Олимпиаданың ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Жиынды ашқан мектеп директоры А.Үмбеш Республикалық олимпиаданың I кезеңін өткізу туралы аудандық білім бөлімінің 2018 жылдың 2 қарашадағы №594 бұйрығымен, олимпиада өткізу ережелерімен оқушыларды таныстырып, білім додасына сәттілік тіледі.

Оқушылар арасынан «Алтын белгі» белгісіне үміткер А.Бауыржанова сөз сөйлеп, өз тілегін айтып өтті.

Олимпиада Ережеге сай өтті. Олимпиаданың қорытындысымен 39 оқушы I орын, 32 оқушы II, 13 оқушы III орын иеленді. Өткізілген олимпиаданың қорытындысы бойынша I орын алған оқушылардың жұмыстары аудандық білім бөліміне ұсынылды. Олимпиаданың жабылу салтанатында жүлдегерлер дипломмен марапатталды.