Көктоғай селосы 2018 жыл 11 мамыр
Хаттама №4
Б.Нысанбаев атындағы орта мектепте жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.
Қатысуға тиісті: 224
Қатысқаны : 186
Күн тәртібінде:
- 2017-2018 оқу жылындағы Атырау облысы мектептері білім алушыларының бірыңғай мектеп формасының үлгісі туралы ақпарат (хабарламашы - мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә.Жұмашева)
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ә. Жұмашева :
Мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген мектеп формасына қойылған талаптарды басшылыққа ала отырып, Атырау облыстық білім беру басқармасының 2018 жылғы 5 мамырдағы №15-4-10/423 санды хаты, аудандық білім бөлімінің 2018 жылғы 10 мамырдағы 05-04-01/518 санды хатын негізге ала отырып, хатта көрсетілген мектеп формасы жөнінде ата - аналар назарына толық жеткізіп, түсіндіріп өтті. Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлылық сипатына сәйкес болуы қажет және мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып енгізілетіндігі , ол күнделікті киетін мерекелік , спорттық болып бөлінетіндігі туралы өткен оқу жылында да түсіндіріліп келгендігін ата-аналар есіне салды. Алдағы оқу жылында яғни, 2018-2019 оқу жылының қыркүйегінен бастап, облысымыздың барлық мектептері білім алушылары бірыңғай мектеп формасын пайдаланып, міндетті түрде киюі қажет екендігі және мектеп формасының түсі: қою қара көк болуы шарт.
Ұлдар үшін: пиджак, жилет, шалбар (қысқы мезгілде трикотаж жилет) жалпы ұлдарға арналған классикалық үлгідегі шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. (Ескертпе: жилеттің кеуде ойығы өте үлкен болмауы керек)
Қыздар үшін : пиджак, жилет, юбка (қысқы мезгілде трикотаж жилет) ұзындығы тізе тұсында және тізеден 5 см дейін жоғары не төмен болмауы керек.
(Ескертпе: жилеттің кеуде ойығы өте үлкен болмауы керек). Ұл балаларға да, қыз балаларға да өздерінің таңдауы бойынша ақ жейде (күнделікті, мерекелік) кию ұсынылады.
Сөйлеушілер:
Хайруллина Жаңылсын-5 сынып ата-анасы.
Бүгінгі жиналыстағы қаралған күн тәртібіндегі мәселені толық түсініп отырмыз. Осы кезге дейін де балаларымыз мектеп формасын ұстанып, яғни қыздарымыз ақ жейде, қара юбка тізеден төмен тобықты жауып тұратын және қыс мезгілінде трикатаж жилет киіп жүрді, ал ұлдарымыз ақ жейде, қара шалбар киіп, жалпы мектеп формасын сақтанып жүргенін мақтанышпен айта аламыз. Сынып жетекшілері күнбе-күн оқушыларды тексеріп, кей кезде ақ жейде кимей келген оқушыларға ескертпе айтып жүрді. Мектеп формасы жалпы Атырау облысы бойынша бірыңғай болып ұсынылған үлгісі біздерге ұнап отыр және құптаймыз. Бұйырса жазғы демалыста балаларымызға қою қара көк түсті мектеп формасын кигіземіз және баршаны осы үлгіні алуға шақырамын.
Суюнгалиев Алпамыс-8 сынып ата-анасы
Менің осы мектепте 2 қызым оқиды. Осы кезге дейін де мектеп формасын ұстанып келдік. Бүгінгі күнгі Атырау облысы мектептері білім алушылары үшін мектеп формасының үлгісін ұсынуы өте құптарлық жайт. Облысымыздың барлық мектеп оқушылары бірдей мектеп формасын ұстанатын болса, оңды нәтиже болады деп ойлаймын және өзге ата-аналарды осы үлгіні алуға шақырамын. Өткен оқу жылында да мектеп формасы туралы сынып жетекшілер, тәрбие ісінің орынбасарлары жиналыстарда айтып ескертті. Балаларымыздың жақсы, әдемі болып өзіне лайықты формамен мектепте жүруі бізді қуантады деп ескеремін. Алда 3 ай жазғы демалыста балаларымызға жоғарыда айтып өткендей ұлдарға және қыздарға арналған мектеп формасын сатып аламыз немесе тіктіртіп кигізуге толық мүмкіндік жасаймыз.
Камашева Гүлжанат-11 сынып ата – анасы
Бүгінгі жиналыста талқылап отырған мәселеміз өте орынды мәселе деп есептеймін. Бірыңғай мектеп формасы үлгісін енгізу біздер, яғни ата-аналар үшін өте тиімді. Себебі, жыл басында балаларымызға мектеп формасын алып берсек, балалар бір-бірінен қалмай бәрі бірдей болып киініп жүрсе, мектептің де, балалардың ажары келісті болатындығы анық. Мектептің кіре беріс дәлізінде жалпы Атырау облысы мектептері білім алушыларының бірыңғай мектеп формасының үлгісі сипаттамасы бар ақпараттық стендінің ілулі тұрғандығын көріп, көңіліміз бір марқайып қалды. Облыстан, ауданнан келген қатынас қағазбен бүгін таныстырып, түсіндіріп отырсыздар, біздер құптаймыз және оқу жылының басында форманы балаларымыздың киіп келуіне жағдай жасаймыз, аса қымбатқа шықпайтындығын да түсініп отырмыз. Барша ата-аналарды мектеп формасының үлгісін назарға алуды және оған басшылық жасауды өзімізден бастауға шақырамын.
Сөйлеу тоқтатылсын.
Күн тәртібіндегі мәселелер тыңдалынып, талқыланып, Қаулы етеді:
- 2018-2019 оқу жылында мектептегі оқушылардың бірыңғай мектеп формасының үлгісін назарда ұстануы ата-аналар тарапынан құпталынсын.
- Оқушылардың мектеп Ережесін толық сақтап, мектеп формасын таза, ұқыпты киіп жүруіне ата-аналар және мектеп мұғалімдері, сынып жетекшілер назарында ұсталынсын.
Жиналыс төрағасы: А. Үмбеш
Жиналыс хатшысы : М. Булекбаева
Б.Нысанбаев орта мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылы
оқушылардың тәрбие саласында жеткен жетістіктері
І тоқсан бойынша
р/с |
Оқушының аты-жөні |
Сыныбы |
Қатынасқан шарасы |
Алған орны |
Жетекшісі |
1 |
Мырзабай Шұғыла |
11 «а» |
«Ана тілің- арың бұл» аудандық көркемсөз байқауы |
ІІ орын |
М. Булекбаева |
2 |
Сағымбай Қызғалдақ |
5 «а» |
«Ана тілің -арың бұл»ауд. көркемсөз байқауы |
Сертификат |
М. Серікқызы |
3 |
Түрекенов Әлішер |
10 «а» |
Президент көпсайыс |
Ауд ІІ орын обл І орын Респ. жолдама |
С. Асқаров Ж. Әбенов |
4 |
Жәнібек Дархан |
9 «» |
Президент көпсайыс |
Ауд ІІ орын
|
С. Асқаров Ж. Әбенов |
5 |
Айбек Эльнура |
9 «» |
Президент көпсайыс |
Ауд ІІ орын |
С. Асқаров Ж. Әбенов |
6 |
Шашиев Данабек |
10 «» |
Күзгі кросс |
Ауд ІІІорын |
У. Жұбанаев Ж. Әбенов |
7 |
Молдашев Төлеуғали |
11 «а» |
Президент көпсайыс |
Ауд ІІІорын |
С. Асқаров Ж. Әбенов |
8 |
Жұмашева Гүлайна |
11 «ә» |
Президент көпсайыс |
Ауд ІІІорын |
С. Асқаров Ж. Әбенов |
9 |
Ержан Бекарыс |
11 «а» |
Президент көпсайыс |
Ауд ІІІорын |
С. Асқаров Ж. Әбенов |
10 |
Бауыржанова Ажар |
10 «а» |
Ауд. Фариза оқулары «...Не деген керемет ең!» бағамы бойынша |
Ауд. І орын |
Б.Бисенғалиев |
11 |
Калим Жанарай |
8 «а» |
Аудандық Фариза оқулары «Жырым қалсын жанымның ұшқынындай...» бағамы бойынша |
Сертификат |
С. Ақсерикова |
12 |
Ғалымов Әли |
10 «ә» |
«Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Туған жер» шығар/р байқауы |
Обл/қ жас тілшілер фестиваліне жолдама |
Ә. Жұмашева
|
Б.Нысанбаев орта мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылы
оқушылардың тәрбие саласында жеткен жетістіктері
ІІ тоқсан бойынша
р/с |
Оқушының аты-жөні |
Сыныбы |
Қатынасқан шарасы |
Алған орны |
Жетекшісі
|
1 |
Ғалымов Әли |
10 «ә» |
«Атырау-Ақпарат» медиахолдингі ұйымдастырған облыстық жас тілшілер фестивалі |
Диплом «Егемен Қазақстан» газетінің арнайы жүлдесі |
Ә. Жұмашева
|
2 |
Мұқсиева Аружан
|
11 «а» |
«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» ауд. әскери-патр. сайыс. «Оқжатарды толтыру» |
Ауд. Диплом ІІ орын |
С. Асқаров
|
3 |
Талғатова Нұрсая |
11 «а» |
«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» ауд. әскери-патр. сайыс. «АК-74 бөлшектеп бұзу және жинау» |
Ауд. Диплом ІІІ орын |
С. Асқаров
|
4 |
Жұмашева Гүлайна |
11 «ә» |
«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» ауд. әскери-патр. сайыс. «Атыс даярлығы» |
Ауд. Диплом ІІ орын |
С. Асқаров
|
5 |
Калидуллин Бекзат |
10 «ә» |
«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» ауд. әскери-патр. сайыс. «Әскери қорғаныс кешенін кию (ОЗК)» |
Ауд. Диплом ІІІ орын |
С. Асқаров
|
6 |
Ізғалиев Ернар |
11 «ә» |
«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» ауд. әскери-патр. сайыс. «Оқжатарды толтыру» |
Ауд. Диплом І орын |
С. Асқаров
|
7 |
Төлекенов Әлішер |
10 «а» |
«Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» ауд. әскери-патр. сайыс. «Атыс даярлығы» |
Ауд. Диплом ІІ орын |
С. Асқаров
|
8 |
Мәжікенов Аманбол |
6 «а» |
2006-2008 ж.т жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық турнир |
Ауд .ІІІ орын |
Б. Қайырбай |
9 |
Салиев Нұрсұлтан |
5 «ә» |
2006-2008ж.т жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық турнир |
Ауд .ІІІ орын |
Б. Қайырбай |
10 |
Саниев Саятхан |
6 «а» |
2006-2008ж.т жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық турнир |
Ауд .ІІІ орын |
Б. Қайырбай |
11 |
Серікқали Еділ |
7 «ә» |
«Көне Сарайшық сырлары» аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Көне Сарайшық бейнесі» сурет байқауы |
Обл. І орын |
Н.Ғабдешов |
12 |
Мәжікенов Аманбол |
6 «а» |
Ауд. «Әбіш оқулары» иллюстрац.суреттер бағамы бойынша |
Сертификат |
Х.Мұханов |
Б.Нысанбаев орта мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылы
оқушылардың тәрбие саласында жеткен жетістіктері
ІІІ тоқсан бойынша
р/с |
Оқушының аты-жөні
|
Сыныбы |
Қатынасқан шарасы |
Алған орны |
Жетекшісі |
1 |
Аманғалиева Аружан |
9 «ә» |
«Мәңгілік ел- туған өлкем»
|
Ауд. І орын
|
Ж.Шамуратова
|
2 |
Карим Айкүнім |
5 «ә» |
«Бояулар сыры»
|
Сертификат |
Н.Ғабдешов
|
3 |
Жәнібек Дильназ |
7 «а» |
Коллаж |
Ауд.ІІІ орын
|
Н.Ғабдешов
|
4 |
Қойшығұлова Ақбота |
7 «ә» |
Сүйікті кітаптардың иллюстрациясы |
Ауд.ІІІ орын
|
Н.Ғабдешов
|
5 |
Бауыржанова Ажар
|
10 «а» |
Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай әскери-патриоттық ән фестивалі
|
Ауд. І орын |
Б.Бисенғалиев
|
6 |
Бауыржанова Ажар
|
10 «а» |
Ұлы Жеңістің 73 жылдығына орай әскери-патриоттық ән фестивалі
|
Ауд.Іорын Обл.ІІІ орын |
Б.Бисенғалиев
|
7 |
Аманғалиева Аружан |
9 «ә» |
«Мәңгілік ел- туған өлкем»
|
Обл. ІІ орын
|
Ж.Шамуратова
|
8 |
Қабдуалиева Анель |
10 «ә» |
Жұлдыз-ай фестивалі Вокал |
Ауд. Диплом
|
Б. Бисенғалиев |
9 |
Қойшығұлова Ақбота
|
7 «ә» |
Хореография |
Ауд. Диплом
|
О.Зулхарнаева |
10 |
Дайыр Жастілек |
4 «б» |
Эстафеталық сайыс |
Ауд. І орын |
У. Жубанаев |
11 |
Қали Амангелді |
4 «б» |
Ауд. І орын |
У. Жубанаев |
|
12 |
Дайыр Іңкәр |
4 «б» |
Ауд. І орын
|
У. Жубанаев |
|
13 |
Төреғалиева Фатима |
10 «а» |
М. Мөңкеұлы оқулары |
Ауд. ІІ орын |
С. Ақсерикова |
14 |
Ізғалиев Ернар |
11 «а» |
Оқжатарды оқпен толтыру |
Ауд.І орын |
С. Асқаров О. Зулхарнаева |
15 |
Мұқсиева Аружан |
11 «а» |
Оқжатарды оқпен толтыру |
Ауд.І орын |
С. Асқаров О. Зулхарнаева |
16 |
Молдашев Төлеуғали |
11 «а» |
Турникке тартылу |
Ауд.ІІ орын |
С. Асқаров О. Зулхарнаева |
17 |
Нәсіпкереев Әлихан |
11 «а» |
Турникке тартылу |
Ауд.ІІ орын |
С. Асқаров О. Зулхарнаева |
18 |
Темірхан Шыңғыс |
11 «а» |
Автомат шашу |
Ауд.ІІІ орын |
С. Асқаров О. Зулхарнаева |
19 |
Бауыржанова Ажар |
10 «а» |
Автомат шашу |
Ауд. Алғыс хат |
С. Асқаров О. Зулхарнаева |
20 |
Айбек Эльнура |
9 «ә» |
Футбол |
Ауд.ІІ орын Обл.ІІ орын |
У. Жубанаев |
21 |
Саниева Назерке |
9 «ә» |
Футбол |
Ауд.ІІ орын Обл.ІІ орын |
У. Жубанаев |
22 |
Хайруллин Әбсаттар |
11 «ә» |
«Спорт -нашақорлыққа қарсы» Волейбол |
Ү орын Республ. жолдама |
Н. Утепқалиев |
23 |
Темірхан Шыңғыс |
11 «ә» |
«Спорт -нашақорлыққа қарсы» Волейбол |
Ү орын Республ. жолдама |
Н. Утепқалиев |
24 |
Түрекенов Әлішер |
10 «а» |
Президенттік көпсайыс |
Ауд.ІІІ орын Обл. І орын
|
С. Асқаров Ж. Абенов |
25 |
«Барыс» әскери патриоттық клубы
Түрекенов Әлішер
|
10, 11 сынып оқуш/ы |
«ЖасҰлан-2018» әскери патриот.сайыс |
Ауд.ІІ орын
Обл. І орын Респ. жолдама |
С. Асқаров О. Зулхарнаева |
Б.Нысанбаев орта мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылы
оқушылардың тәрбие саласында жеткен жетістіктері
ІҮ тоқсан бойынша
р/с |
Оқушының аты-жөні
|
Сыныбы |
Қатынасқан шарасы |
Алған орны |
Жетекшісі |
1 |
Аманғалиева Аружан |
9 «ә» |
Мұқағали оқулары
|
Ауд. ІІІ орын
|
М. Усиева
|
2 |
Калим Жанарай |
8 «а» |
Абай оқулары «Құлақтан кіріп, бойды алар» бағамы бойынша |
Ауд. І орын
|
Б. Бисенғалиев |
3 |
Калим Жанарай |
8 «а» |
Абай оқулары «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бағамы бойынша |
Ауд. ІІІ орын
|
Ә.Сейткалиева |
4 |
Айбар Дана |
8 «а»
|
Абай оқулары «Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» бағамы бойынша |
Сертификат |
Ә.Сейткалиева |
5 |
Түрекенов Әлішер |
10 «а» |
«Айбын» әскери патр. сайыс |
Обл. І орын Респ. жолдама
|
С. Асқаров
|
6 |
Төреғалиева Фатима |
10 «ә» |
Мағжан оқулары «Өлең-менің Шолпаным, Айым, Күнім» бағамы бойынша |
Ауд. І орын
|
С. Ақсерикова |
7 |
Мұқсиева Аружан |
11 «а» |
Мағжан оқулары «Толқынмен толқын сырласып» бағамы бойынша |
Сертификат |
С. Ақсерикова |
8 |
Калим Жанарай |
8 «а» |
Мағжан оқулары «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бағамы бойынша |
Сертификат |
С. Ақсерикова |
Б.Нысанбаев орта мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылы мұғалімдердің тәрбие саласында жеткен жетістіктері
І тоқсан бойынша
р/с |
Аты-жөні |
Атқаратын қызметі |
Қатынасқан шарасы |
Жетістігі |
1 |
Жұмашева Әлия |
Тарих п/м |
«Менің отбасымның бағы-елімнің мәртебесі»атты облыстық байқау жеңімпазын дайындағаны үшін |
«Алғыс хат» |
2 |
Булекбаева Мейрамгул |
Ағылшын тілі п/м |
«Колейдоскоп» байқауы |
ІІІ орын |
3 |
Жұмашева Әлия |
Тарих п/м |
«Ғажайып өлке» шығармалар байқауында оқушысы үздік танылғаны үшін |
«Алғыс хат» |
Б.Нысанбаев орта мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылы мұғалімдердің тәрбие саласында жеткен жетістіктері
ІІ тоқсан бойынша
р/с |
Аты-жөні |
Атқаратын қызметі |
Қатынасқан шарасы |
Жетістігі |
1 |
Жұмашева Әлия |
Тарих п/м |
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы басым бағыттар мен міндеттерді насихаттау мақсатында «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі ұйымдастырған облыстық жас тілшілер фестиваліне қатынасып, оқушысы үздік танылғаны үшін
|
«Алғыс хат» |
2 |
Габдуллина Ақмарал
|
Тарих п/м
|
«Көне Сарайшық сырлары» аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Туған өлке»курсын оқыту арқылы оқушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру» баяндамасы үшін
|
Сертификат |
Б.Нысанбаев орта мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылы мұғалімдердің тәрбие саласында жеткен жетістіктері
ІІІ тоқсан бойынша
р/с |
Аты-жөні |
Атқаратын қызметі |
Қатынасқан шарасы |
Жетістігі |
1 |
Ғабдешов Нұрбол |
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі |
«Туған жерім менің көзіммен!» атты суретшілер симпозиумы |
Ауд. «Сертификат» |
2 |
Шамуратова Жеміс
|
Тарих пәнінің мұғ/і
|
«Мәңгілік ел - туған өлкем»
|
Ауд. Диплом І орын |
3 |
Тлекова Нурсулу |
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары |
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Рухани жаңғыру-елдіктің тірегі» атты республикалық ғылыми жобалар байқауы |
Астана қаласы Респуб. ғылыми жобалардың материалдар жинағына енді және «Алғыс хат» |
4 |
Арзаханова Бибігүл |
Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі |
Индер ауд.90 жыл толуына және 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай әйелдер арасында волейболдан өткен ауд.ашық біріншілік |
Ауд. Диплом ІІ орын |
5 |
Тлекова Нурсулу |
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары |
Индер ауд.90 жыл толуына және 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай әйелдер арасында волейболдан өткен ауд.ашық біріншілік |
Ауд. Диплом ІІ орын |
6 |
Жұматаева Қымбат |
Физика пәні мұғалімі |
Индер ауд.90 жыл толуына және 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай әйелдер арасында волейболдан өткен ауд.ашық біріншілік |
Ауд. Диплом ІІ орын |
7 |
С. Асқаров |
АӘД пәні мұғалімі |
«Жасұлан-2018» әскери-патриоттық сайыс |
Ауд. ІІ орын |
Б.Нысанбаев орта мектебі бойынша 2017-2018 оқу жылы мұғалімдердің тәрбие саласында жеткен жетістіктері
ІҮ тоқсан бойынша
р/с |
Аты-жөні |
Атқаратын қызметі |
Қатынасқан шарасы |
Жетістігі |
1 |
Бисенғалиев Бауыржан |
Музыка пәнінің мұғалімі |
«Мөлдір бұлақ» отбасылық сайысы |
Ауд. І орын Обл. Сертификат |