Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 8-бабы 4-1 тармағына сәйкес және ғылым министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсанындағы №717 «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленуші және білім алушы балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы мен аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 14 желтоқсандағы XX сессиясының №63-VI шешіміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- 1-4 сыныптың 209 оқушысына тегін ыстық тамақ беру ұйымдастырылып, тізімі жасақталып, №1 қосымшыға сай бекітілсін.
- «Жалпыға міндетті орта білім қоры» есебінен бөлінген қаржы көлемінде әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасының 5-11 сыныптың 39 оқушысын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында оқушылардың тізімі жасақталып, №2 қосымшаға сай бекітілсін.
- Берілген ас мәзірін апта сайын міндетті қайталап орындауды басшылыққа алу. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы №179 бұйрығы бұлжытпай орындалсын.
4.Мектеп бракераждық комиссияның жұмысына жүйелі бақылауды жүзеге асыру (күн сайын әзірленген дайын тамақтың сапасын, тамақтың дайындалу кезіндегі тазалықтың сақталуы, оның бірқалыпты ыстық күйде болуын, тағамның өлшемі мен дайындалу технологиясының бекітілген ас мәзіріне сай болуы), басты назарда санитарлық-гигиеналық талаптардың мұқият сақталуын ұстау медбике А.Нагимоваға міндеттелінсін.
- Асханадағы үстелдерге алдын ала тағамдарды даярлау үшін оқушылардың қатынастырмауды, асхананың жұмыс қолданыстағы заңдылықтар негізінде талапқа сай ұйымдастыру әлеуметтік педагог Н.Жексеноваға міндеттелінсін.
7.Алынатын азық-түлік өнімдерінің сапалы және отандық тауар болуын бақылауға алу, мектеп асханасында тыйым салынған азық-түліктердің сатылмауына бақылау жасап, барлық азық-түліктің сертификатының болуын қадағалау, дәруменді-минералды кешенмен байытылған тамақ өнімдерін оқушыларды тамақтандыру рационына енгізу ЖК «Еркебұлан» аспазы Г.Кенжеғалиеваға міндеттелінсін.
8.Бөлінген қаржының Заң талаптарына сәйкес, уақытылы, мақсатты, әрі тиімді жұмсалуын қатаң қадағалау мектептің бас есепшісі Ж.Хасановаға жүктелінсін.
9.Тамақтану шараларымен қамтылған оқушылардың күнбе-күн нақты санын шығарып, есебін жүргізіп отыру, жасалған жұмыстар туралы әр айдың 25-не дейін бөлімге жолдау мектептің әлеуметтік педагогы Н.Жексеноваға міндеттелінсін.
- Осы бұйрықтың орындалысын қадағалау мен бақылау өзіме қалдырылсын.
Мектеп директоры: А.Үмбеш
Тамақ ішу кестесі
Сыныбы
|
Уақыты |
Таңертеңгі мезгіл |
|
1 «а» 1 «ә» 1«б» 3 «б»
|
09.45-10.05 |
4 «а» 4 «ә» 4 «б» 8-11 сынып |
10.20-10.35 |
Түскі мезгіл |
|
2 «а» 2 «ә» 2 «б»
|
15.25-15.40 |
3 «а» 3 «ә» 5-7 сынып |
16.20-16.35 |