24 қазан күні мектеп кітапханашылары Гүлмаржан Асылова мен Лаура Бисекенованың ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлағатты есім»атты жоғары сынып оқушылары мен зейнеткер ұстаздардың кездесуі өтті.
Кездесуде ардагер мектеп директоры Қуаныш Абдрахманов, қазақ тілі пәнінің ардагер мұғалімі Тамара Абдрахманова, орыс тілі пәні мұғалімі болған Жаңыл Калимова, неміс, ағылшын пәндерінен дәріс берген Бағытжамал Салыхова, математика пәнінің ұстаздары болған Қайырлы Шабдиров, Алтынай Қабдирова, химия-биология пәндерін оқытқан Гүлнар Оспанова, бастауыш сынып мұғалімдері болған Марфуға Қабдығалиева, Маржан Сұлтанғалиева, іс-жүргізуші болған Зауреш Таментаева, интернат қызметкерлері болған Рысты Сыдихова, Ағайша Ажіғұлова ағай-апайларына оқушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, ұстаздар сырларын тарқатты.
Оқу үрдісіндегі жаңалықтар мен ұстаздық еңбектің қиындығы мен қызығы туралы кеңінен әңгіме болды. Ұстаз ардагерлерге мектеп оқушылары ән шырқап, жас ұстаздар өлең оқыды.