Қазақстан Республикасының арасында ұйымдастырылған «BILGEN BAIGE», «BILGEN ALAMAN» олимпиадасына Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінен 1-11 сыныптар аралығында 59 оқушы қатысты . Олимпиада бастауыш сыныптарда математика пәнінен , 5-11 сыныптар аралығында математика , физика ,ағылшын тілі , биология пәндерінен өтті. Нәтижесінде 56 оқушы келесі кезеңге өтті , 3 оқушы пәндік олимпиадада зеректігі мен тапқырлығын растайтындығы жөнінде Сертификатқа ие болды.
Білім беру саласы мен жас ұрпақтың шығармашылық қабілеттерін шыңдау және ғылыми ізденіске құлшынысын арттырғаны үшін « BILGEN» ұлттық авторлық методика және бағалау орталығының директорының «Құрмет грамотасымен» мектеп директоры Үмбеш Анар Ерболатқызы және мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Науашева Асел Шалқарбайқызы марапатталды.
Білім беру саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп , жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін, кәсіби шеберлігі , еңбекқорлығы , өз ісіне деген адалдығы және еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеуде жеткен жетістіктері үшін «Құрмет грамотасымен» бастауыш сынып мұғалімдері А.Сихова , Қ.Нұғыманова, Б.Қоңырбаева ,Н.Тлекова, К.Досанова, Р.Иманалиева, А.Камашева, М.Тлекова, С.Газизуллина марапатталды.
https://b-nysanbaev.edugov.kz/kz/zha-aly-tar/125-bilgen-baige.html#sigFreeId57752d2440