Жаңалықтар
Олимпиаданың ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Жиынды ашқан мектеп директоры А.Үмбеш Республикалық олимпиаданың I кезеңін өткізу туралы аудандық білім бөлімінің 2018 жылдың 2 қарашадағы №594 бұйрығымен, олимпиада өткізу ережелерімен оқушыларды таныстырып, білім додасына сәттілік тіледі.
Апталықтың ашылуында «Why do we learn the English language?», «Язык мой – друг мой», «Королева наша, осень» деген іс-шаралар ұйымдастырылды. Жұмыс жоспары бойынша төмендегі іс-шаралар жүзеге асты: The more we study, the more we know. Do you know GB? Friendship. Funny break. Alphabet. Конкурс рисунков «Осенний пейзаж». Ашық сабақ «Время в фольклоре», Би сайысы «Осенний вальс». Конкурс выразительному чтению. Осень в стихах русских поэтов. Наш вернисаж «Живописи и музыки». Ашық сабақ «Мой друг». «Унылая пора! Очей очарование!» Вместе весело шагать. «Будем вместе». В мире сказок. Конкурс буклетов и газет. Ашық сабақ «Сложносочиненное предложение». Funny English. Do you know English well? Ашық сабақ “Animals”. The world of fairytales “Shell”, “Cinderella”. Stars hours. Ашық сабақ «He is my friend». My day. Rhyme-time. Ашық сабақ “School days”.
«Ұлтыңды ойласаң, рухты ұл тәрбиеле» жобасы аясында «Әке – шаңырақ тірегі» тақырыбында 2018 жылдың 31 қазан күні әкелер семинары өтті.
24 қазан күні мектеп кітапханашылары Гүлмаржан Асылова мен Лаура Бисекенованың ұйымдастыруымен «Ұстаз – ұлағатты есім»атты жоғары сынып оқушылары мен зейнеткер ұстаздардың кездесуі өтті.
2018 жылдың 26 қыркүйегі күні «Мамандықтар әлемін ашамыз» тақырыбындағы облыстық форумға қатынасқан мектептің 11 сынып оқушысы Бауыржанова Ажар Бауыржанқызы «Мен мамандықтар әлемінде» эссе байқауында жүлделі I орынды иемденді.
Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері күніне орай ұйымдастырылған аудандық «Туған тілім—тірлігімнің айғағы» тақырыбындағы көркемсөз оқушылар сайысында 9-сынып оқушысы Калим Жанарай Ерболатқызы жүлделі І орын иеленді.